Баспана кілтін берді
Отан қорғаушылар мерекесіне орай түркістандық полиция қызметкері баспаналы болды. Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Айнұр Ақжігітова ақпан айында Дубай қаласындағы турнирде жүлдегер болып қайтқан болатын. Жаунгерлік самбо мен қазақ күресінің шебері түрлі жаттығуларды орындауда тек Тайландтық аруларға жол беріпті. Осы жеңісіне орай қала әкімі Айнұр Ақжігітоваға пәтер кілтін табыс етті. Сондай-ақ тағы бірнеше полиция қызметкерін алғысхатпен марапаттады.